«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұстаздық еткен жалықпас

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Туып-өскен жерім – Қызылорда облысы Қармақшы ауданы. “Серпін” мемлекеттік бағдар­ламасы аясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің педагогикалық факультетіне оқуға түсіп, қызыл дипломмен бітірдім. Оқу орнын үздік тамамдағанның артықшылығы сол, мамандыққа “модератор” деген санат қоса беріледі.

Биыл әл-Фараби мектеп лицейіне бастауыш сынып мұғалімі болып орналастым. Білікті басшы басқаратын ұжымға, ұлағатты ұстаздар арасына келгеніме қатты қуандым. Қазір тәжірибем ұш­талып, сүйікті мамандығымның қыр-сырына біршама төселіп қалдым. Оқу инемен құдық қазғандай мехнаты көп екенін жақсы түсінемін.
Шәкірті өзінен озып жатса, ұстазы оған қуанады. Күтіп-өсірген ағашы жеміс берсе, бағбанның қалай шаттанғанын көз алдымызға елестетіп көрейікші. Бірінші сыныпта оқитын оқушыларым Алуа Жүсіпова, Айғаным Сейтжан “Абай әлемі” республикалық байқауынан бірінші, Адия Анас Абай оқуларынан бірінші орынмен оралды. Айбар Нұрбек “Қызықты математика және логика” атты республикалық онлайн-олимпиада қоры­тындысында жарыстың ең биік тұғырына көтерілді. Адия Дүйсенбаева “Алтын күз” республикалық балалар шығармашылық байқауында бірінші орынды жеңіп алды.
Өзім де жүлдесіз емеспін. “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында “Атамекен” ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы мен Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырған “Бизнес кеңесші” курсы және Тұнғыш Президент – Елбасы қоры мен Қазақстан жастары конгресінің қолдауымен өткен “Жас қалам” журналистиканы дамыту жобасының сертификатын иелендім. “Полиглот” факультетаралық байқауының 1 орын иегері болдым. “SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: CHALLENGES OF THE XXI CENTURY” атты жинақта “Бастауыш сыныптарда қолданылатын дидактикалық ойындар – бала­лардың ойын дамытудағы бастапқы құрал” деген мақалам басылды. “Үздік педагог” үшінші республикалық олимпиадасында жүлделі үшінші орынды жеңіп алуым – мен үшін үлкен абырой.

Айнель АМАНДЫҚОВА,
әл-Фараби мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp