«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОМАҚТЫ СУБСИДИЯ, ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі уақытта елімізде экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалуға айрықша көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Жолдауында кәсіпкерліктің өрісінің кеңеюіне, соның ішінде экономикалық тиімділігі мол кәсіп түрлерінің қанат жаюына ерекше маңыз берілген.

Президентіміз маңызды құжатта көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тоқталды. Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобаларын қолға алып, коронавирус індеті кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау шараларын арттыру туралы тапсырмаларын кәсіпкерлер жылы қабылдады. Жолдауда алға қойылған міндеттерге сәйкес бизнестегі ахуалды одан әрі жақсарту жөніндегі іс-қимыл кешені, атап айтқанда, тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыруды, барлық реттеуші тараптардың тексерулерін біріздендіруді және қысқартуды көздейтін шараларға басымдық берілді. Сондай-ақ, пандемия кезінде шағын және орта бизнес субъектілерін республикалық және коммуналдық меншік нысандары бойынша жалдау төлемдерін төлеуден босату, тексерістерді азайту, субсидия беру сияқты маңызды шаралар жүзеге асырыла бастады.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Медет Оспановтың мақаласының толық нұсқасын газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp