«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 25, 2021

АУЫЛДА ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ШЫҒАРАДЫ

Күнгейден теріскейге қоныс аударған ағайынға қолдау бар. Жаңадан іс бастап, кәсібін өрге домалатқысы келетіндер мемлекеттік бағдарламаның шапағатын көруде. Тимирязев ауданының тұрғыны – Төлепберген Орынбек қолы іс білетін азаматтардың қатарынан. Жас жігіт құрылысқа қажетті материалдар шығаруды қолға алып, оңтүстіктен көшіп келген отбасыларға баспана салуда.

ЕҢБЕКТЕ ЕРЕН ЕДІ

Бұл мақаланы жазар алдында жүз ойланып, мың толғандым десем, өтірік айтқандық болмас. Көкейімде қатталып, көптен бері толғандырып жүрген ойларымды ақ қағаз бетіне түсіре бастағанда көз алдыма ерен еңбегімен ел құрметіне бөленген, өз ісінің майталман шебері атанған, кеудесіне бірнеше мемлекеттік наградаларды таққан, олардың ішінде “Алтын жұлдыз” бен Ленин ордені ерекше жарқырай көрінетін Сәруар Мұхамедияқызы Байсаринаның жылы …

ЕҢБЕКТЕ ЕРЕН ЕДІ Read More »

МАҢЫЗДЫ САЛАДА МАМАН ТАПШЫ

Ел экономикасы өзегінің бірі – автокөлік жолдары десек артық айтқандық болмас. Жыл сайын ел қазынасынан қыруар қаржы бөлініп, мыңдаған шақырым жол жөнделуде. Бірақ осы салаға қатысты сын азаяр емес. Оның бір себебі – жемқорлық болса, екіншісі жол құрылысы мамандарының тапшылығы.

АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ ҚАЖЕТ

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коронавирус пандемиясы қаупіне байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа форматын ұсынады. Бұдан былай Петропавл қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды алдын ала жазылу бойынша қабылдайды.

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫ: КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатына пайдалану туралы тапсырмасы іске асырыла бастады. Биылғы жылдан бастап жұмыс істейтін 760 мың азамат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жинағының бір бөлігін баспана алуға, емделуге пайдалана алады.

ESKERTÝ

Құрметті солтүстікқазақ­стан­дық­тар!

TÚZEÝ MEKEMESİNDEGİ DODA

ES-164/6 túzeý mekemesinde jazasyn ótep jatqan qyz-kelinshekter arasynda sportyq jarys ótti. 6 bólimnen turǵan dodada júırikter anyqtaldy.

ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Өскемен қаласында 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан ел біріншілігі өтті. 250-ден астам атлет қатысқан додада солтүстікқазақстандық өрендер де бақ сынады.

САҚТЫҚ – БАСТЫ ТАЛАП

Екінші семестрде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде 3 мыңнан астам студент аралас форматта білім алады. Осыған орай, мониторингтік топ оқу ордасында санитарлық талаптардың сақталуын тексерді.

ІЗДЕГЕНГЕ ЖҰМЫС БАР

Ауылда тұратын жастардың басым бөлігі қалаға көшуге тырысатыны белгілі. Мен де солардың бірі едім. Өзім Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауылының тумасымын. Тезірек ержетіп, облыс орталығында тұруды аңсадым. Жоғары білім алған соң шаһарда тұрақтап қалатыныма сенімді болдым. Алайда, бұл жоспарым жалғыз күнде өзгерді.

ЖЕТЕУІ ЖАЗАЛАНДЫ

Тайынша ауданындағы Обухов кен-байыту комбинатының аумағында былтыр маусым айында болған төбелеске қатысты сот үкім шығарды. Тайынша аудандық №2 соты қылмыстық істі қарап, жұдырық ала жүгірген жеті адамға жаза тағайындады.

Ескертуді елемейтіндер көп

Өткен жылы өңірімізде 733 өрт оқиғасы орын алып, 47 адам қаза тапты. Бұл туралы “Antikor” орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Орал Әбдірахманов мәлімдеді.

ЗІЛТЕМІРШІЛЕР ТАБЫСЫ ҚОМАҚТЫ

Өткен жыл солтүстікқазақстандық ауыр атлетшілер үшін сәт­ті болды. Өңір зілтеміршілері Қазақстан чемпио­на­тын­да жүл­делі орындарға ие болып, Қостанай мен Талдықор­ғанда өт­кен жарыстарда қанжығалары майланды. Панде­мия­ға қара­мас­тан халықаралық жарыстар да өтті. Онлайн фор­мат­та ұйым­дас­тырылған әлем кубогында сәтті өнер көр­сет­кен жерлесі­міз Жанәлі Тұяқов қола медаль тағынды. Об­лыс спортшылары бұл жетістіктерімен тоқтап қалмайды. Ал­дағы ауқымды жос­пар­лар жайлы Қазақстан Республикасы­ның …

ЗІЛТЕМІРШІЛЕР ТАБЫСЫ ҚОМАҚТЫ Read More »

ТІЛ — ҰЛТТЫҚ ЖАДЫМЫЗ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ қоғамын рухани жаңғыруға үндейтін, болашаққа бағыт-бағдар жасауға жетелейтін “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласы жүрегі елім деп елжірей соғатын барша қауымның көңілінен шықты. 

ШАҒЫМДАР ЖАУАПСЫЗ ҚАЛҒАН ЖОҚ

Қазақстан Республикасының Конституциясына және “Жеке жә­не заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заң­ға сәйкес барлық азаматтар өтініштерін мемлекеттік жә­не жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, лауазымды адам­дар­­ға жіберуге құқылы. Белгіленген уақыт ішінде өтініштер қа­рас­тырылып, шешім қабылдануы және дәлелді жауап берілуі тиіс.

ЕЛДІҢ ҮКІЛІ ҮМІТТЕРІ

Былтыр елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ел үміті” бастамасын жүзеге асыру мақсатында “Елбасы медалі” бірегей жобасы қолға алынған болатын. Жастарға берілген мұндай бірегей мүмкіндікті солтүстікқазақстандық өрендер де қалт жіберген жоқ. Араға алты ай салып, арнайы бағдарламаны тамамдаған екі жүз шақты жерлесіміз “Елбасы медалінің” алғашқы иегерлері атанды.