«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өскемен қаласында 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан ел біріншілігі өтті. 250-ден астам атлет қатысқан додада солтүстікқазақстандық өрендер де бақ сынады.

Жарыс бағдарламасына сәй­кес жас спорт­шылар қашықтыққа жүгіру, биіктікке және ұзындыққа секіру, ядро лақтыру бойынша жа­рысты. Турнирдің алғашқы күнінің қорытындысында 60 метрге жүгіруден Алишер Амрин, биіктікке секіруден Виктория Поправкинаға тең келер ешкім болмады. Ал доданың екінші күні Виктория Поправкина ядро лақтыру және кедергілер арқылы 60 метрге жүгіруден қола медальдарға ие болды. Сонымен қатар бұл күні Арсен Өміржанов (ұзындыққа секіру), Владислав Иванов (кедергілер арқылы 60 метрге жүгіру) және Анастасия Колода (400 метрге жүгіру) үздік үштікті түйіндеді.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,
“Soltústik Qazaqstan”.
СУРЕТТЕ: А.Амрин. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp