«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙҚЫН БАСЫМДЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Qulager» клубы шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясындағы кезекті кездесуін сырт алаңда өткізді. Бұл жолы қызылжарлық ұжым өскемендік «Алтай-Торпедо» командасымен кездесті. Айқын басымдықпен жеңіске жеткен жерлестеріміз қарсыластың қақпасына 9 шайба салды.

Бірінші матч басталысымен петропавлдықтар шабуылға көшті. Денис Стасюк айдын иелерінің қақпасына екі бірдей шайба салды. Ойынның екінші кезеңінде өскемендіктер таблодағы есеп айырмасын қысқартқан. Алайда, бұған Ильгиз Нуриев мергендігімен жауап берсе, Максим Первухин есепті еселей түсті. Ал үшінші кезеңде әр команда бір-бір шайбадан салды. Бұл жолы қызылжарлықтар сапынан Даниил Васильев жеңіс шайбасының авторы атанды. Осылайша, Өскемендегі алғашқы ойын қызылжарлық клубтың пайдасына шешілді.
Қарымта кездесуде «Алтай-Торпедо» хоккейшілері есе қайтаруға тырысқанымен, жерлестеріміз мүмкіндік берген жоқ. Әр кезең сайын құлагерліктер есепті еселеп, соңында 4:0 нәтижесімен жеңіске жетті. Шайба авторлары – Илья Ахметов, Альберт Вишняков, Федор Хорошев және Станислав Логинов.
Қызылжарлықтар 54 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орынға жайғасты.

 

Сурет: https://24.kz/
                

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp