«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ ҚАЖЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коронавирус пандемиясы қаупіне байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа форматын ұсынады. Бұдан былай Петропавл қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды алдын ала жазылу бойынша қабылдайды.

Бұл жаңашылдықтар тек қала­лық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Ал аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ, аудан орталықтарында орналасқан бөлімдерде келушілердің ағыны қалаға қарағанда айтарлықтай аз болуына байланысты өзгеріссіз жұмыс істейді.
Барлық қызметтерді тек алдын ала бронь арқылы ғана алуға болады. Халыққа қызмет көрсету орталығына кезек уақытын egov.kz порталы мен Telegram-Bot қосымшасы арқылы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілеуге болады. Тек сағат 16.30-ға дейінгі уақытты броньдауға кеңес береміз.
Egov.kz порталы арқылы:
– еgov.kz порталына кіріп, авто­ризациядан өтіңіз;
– басты беттегі “Кезекті ХҚО-ға онлайн брондау” сілтемесіне кіріңіз;
– ашылған бетте ЖСН нөміріңізді, ауданыңызды толтырыңыз;
– қажетті ХҚО мекенжайы мен қызмет түрін таңдаңыз;
– ары қарай орталыққа бару күні мен уақытын көрсетіңіз;
Брондау сәтті өтсе, сіздің телефоныңызға тиісті хабарлама келеді.
ХҚКО ғимараттарында медициналық бетперде тағу қажет. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау үшін арасы 1,5-2 метр болатын белгілер сызылды. Санитайзерлер орнатылды.

Ерназар НҰРҒАЛИЕВ,
“Азаматтарға арналған үкімет” АҚ-ы облыстық филиалының баспасөз хатшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp