«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық волейболшылар Ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан XVIII ел біріншілігінде сәтті өнер көрсетуде.

Өскемен қаласында өткен үшінші турда турда «Есіл СҚ» командасы «Ұшқын» мен «Павлодар» командаларынан басым түсті. Атап айтқанда, жерлестеріміз алғашқы ойында көкшетаулықтарды 3:0 есебімен тізе бүктірді. Петропавлдықтар келесі ойында «Павлодар» клубын да айқын басымдықыпен жеңді. «Есіл СҚ» 30 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты.
Павлодар қаласындағы қыздар арасындағы бәсеке де тартысты өтуде. «Қуаныш» клубы да турнир кестесінде үшінші орында. Бұрымдыларымыз алаң иелерін, яғни «Ертіс» командасын жеңді. Бұған дейін жерлестеріміз талдықорғандық «Жетісуға» 1:3 есебімен есе жіберген-ді. Сондықтан оларға жеңіс ауадай қажет болатын.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp