«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫ: КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатына пайдалану туралы тапсырмасы іске асырыла бастады. Биылғы жылдан бастап жұмыс істейтін 760 мың азамат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жинағының бір бөлігін баспана алуға, емделуге пайдалана алады.

Біздің облысымыз бойынша мұндай мүмкіндікке 11 мыңнан астам тұрғын ие болып отыр. Сондай-ақ, БЖЗҚ-да жинағы бар азаматтар оның бір бөлігін өзінің, жұбайының, жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе олардың емделу ақысын төлеу мақсатында да жұмсай алады. Ол мынадай талаптар бойынша жүзеге асырылады: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинағының белгіленген ең аз жеткілікті шегінен асуы тиіс, зейнетақы мөлшері қаржыны алушының Үкімет айқындаған тәртіппен белгіленетін 40 пайыздан төмен емес деңгейдегі орташа айлық табысын алмастыру коэффициентін қамтамасыз ете алуы керек, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқандар осы мүмкіндікке ие бола алады.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін азаматтар, ең алдымен, өздерінің зейнетақы жинақтарын тексеріп, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында алуға болатын соманың бар екеніне көз жеткізулері тиіс. Содан кейін арнайы шот ашу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, интернет арқылы уәкілетті операторға жүгінулері керек. Мамандар 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электронды хабарлама жіберіп, онда төлемге қабылданған өтініш туралы мәліметтерді көрсетеді.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp