«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ресейдегі наразылық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен сенбі күні Ресей Федерациясының барлық өңірінде наразылық акциялары өткізіліп, көптеген адам көшеге шықты. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу қаласының орталығында болған митингке 4 мыңнан астам адам қатысқан.

Пушкин алаңындағы келісіл­меген акцияға жиналған­дардың 600-ге жуығы ұсталған. Бұл туралы Қоғамдық бақы­лау комиссиясы (ҚБК) хабар­лаған. Көшеге шыққан жұрт тар­қа­ғаннан кейін Тверь көше­сінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Наразылық біл­діру­шілердің құқық қорғау органдарымен қақтығыстары Пушкин алаңында, Страстный және Цветной бульварларында, Трубной алаңында және «Матроосская тишина» тергеу оқшаулағышының жанында өткен. Ресми мәлімет бойынша наразы азаматтар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында зардап шеккендер бар. 
Мәскеуден бөлек, Ресейдің өзге қалаларында да наразылық білдірушілер көшеге шыққан. Құқық қорғаушылар бүкіл ел бойынша 3068 адамның ұс­талғанын хабарлаған. Ал құ­қық қорғау органдарының 39 қыз­меткері Мәскеудегі акцияларда жарақат алғаны белгілі болды.
Сондай-ақ кәмелетке тол­маған балалардың наразы­лық акциясына шығуы қоғамда дау туғызып отыр. Ресей Фе­де­рациясы президентінің жанын­дағы бала құқықтары жөнін­дегі уәкіл Анна Кузнецова балаларға заңсыз акцияларда орын жоқ болуға тиісті деген пікір білдірді.
Наразылық кезінде ұстал­­ған кәмелетке толмаған балалар­дың барлығы ата-аналарына аман-есен табысталыпты. Ресейдің «Жаңалықтар агенттігі» орын алған жағдайға байланыс­­ты кәмелетке толмағандарды заң­сыз наразылық акцияларына тартқандарды қылмыстық жауапқа тарту туралы заң жобасы пайда болғанын жазды. Депутаттар мен қоғам белсенділері «Тик Ток» әлеуметтік желісінде кәме­летке толмағандарды көше­ге шығуға шақырған хабар­лардың тарағанын айтады. Заңды қатайту бастамасын Ресейдің Тергеу комитеті мен Жоғарғы соты қолдағанымен, Үкіметі оған қарсы болған. Соған қарамастан, акцияларға жасөспірімдердің қатысу тақы­рыбы маңызды сипат алып, қоғамда қызу талқыға ұласты. Ал елдегі эпидемиялық жағдай мәз емес. Бір тәулікте індет жұқтырғандар саны 21 127 адамға артқан.
 
 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp