«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҚТЫҚ – БАСТЫ ТАЛАП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Екінші семестрде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде 3 мыңнан астам студент аралас форматта білім алады. Осыған орай, мониторингтік топ оқу ордасында санитарлық талаптардың сақталуын тексерді.

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға бағытталған тексерісті студенттік өзін-өзі басқару белсенділері ұйымдастырды. Комиссия құрамына енген жастар істері жөніндегі комитеттің, кәсіподақтың, студенттік ректораттың өкілдері білім ошағының барлық оқу корпустары мен жатақханаларында болды. Атап айтқанда, белсенділер кітапханаларда, оқу аудиторияларында, фойелерде және дәретханаларда санитайзерлердің қойылғанына көз жеткізді. Бүгінгі таңда университетте мұндай 400-ден астам құрылғы орнатылған. Бұдан бөлек, комиссия өкілдері дене температурасын бақылау құрылғысын, медициналық бетперделердің тағылуын және әлеуметтік арақашықтықтың сақта­луын тексерді.

Диана ХАЛИМОВА,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің медиаорталығының
бас редакторы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp