«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҒЫМДАР ЖАУАПСЫЗ ҚАЛҒАН ЖОҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Конституциясына және “Жеке жә­не заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заң­ға сәйкес барлық азаматтар өтініштерін мемлекеттік жә­не жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, лауазымды адам­дар­­ға жіберуге құқылы. Белгіленген уақыт ішінде өтініштер қа­рас­тырылып, шешім қабылдануы және дәлелді жауап берілуі тиіс.

Өткен жылы облыстық эколо­гия департаментіне тұрғындардан 78 өтініш келіп түссе, оның 35-і – шағым. Олардың дені мемле­кет­тік экологиялық бақылау бөліміне келді. Мәселен, жеті өтініш ағын суға қатысты болды. Атап айт­қан­да, солтүстікқазақстандықтар қал­дық суды заңсыз ағызу, оған өнді­рістік қалдықтарды рұқсатсыз төгу фактілері бойынша шағымданды. Сондай-ақ, Есіл өзеніне құйылып жатқан белгісіз төгіндінің қайдан келгенін анықтап, су сапасын тексеру бойынша шаралар қа­был­дауды өтінген екен.
Бұдан бөлек, ауаның ластануы туралы жеті өтініш келіп түсті. Олар, негізінен, қала маңындағы полигондарда қалдықтарды жағу­ға қатысты болды. Сондай-ақ, өн­діріс және тұтыну қалдықтарына қатысты 16 шағым қарастырыл­ды. Мысалы, облыс тұрғындары өңір­де рұқсат етілмеген үйінді­лердің пайда болуы туралы ха­бар­лады. Бөлім мамандары қо­қыс полиго­нына барып, фактілер­ді растаған­нан кейін жергілікті ат­қарушы ор­гандарға қалдықтарды рұқсатсыз төгетін орындарды жою қажеттілігі ту­ралы хаттар жіберді. Мұндай ха­бар­ламалар біздің бөлімнің “Fa­cebook” пен “Insta­gram”-дағы па­рақ­шаларына көп­теп түседі. Со­ны­мен қатар құры­лыстың заңды­лығын, қоршаған ортаға қоқыс тө­гуге рұқсаттың бар-жоғын тексеру, инспекциялық тексеріс жүргізу тура­лы өтініштер бар. Қаралған өті­ніш­тердің 19-ы қа­нағаттанды­рылды, 33-і бойын­ша түсінік берілді.
Жеке тұлғалар департамен­ті­мізге хабарласқан кезде аты-жө­­­нін, куәлігіндегі жеке сәйкес­тен­ді­ру нөмірін, поштасының ме­кен­жайын көрсетуі керек. Ал заң­ды тұл­ғаның өтінішінде атауы, пошта­сы­­ның ме­кенжайы, бизнес-сәйкес­тендіру нө­мірі талап етіле­ді. Әр түскен өті­ніш бөлімде тір­келеді. Ано­нимді өті­ніштер қарал­майты­нын ескеру қа­жет. Мұндай өтініш­тер алда жаса­луы мүмкін немесе жасалған қыл­мыстық құқық бұзу­шылықтар тура­лы және мемле­кет­ке, қоғамдық қауіпсіз­дікке қатер ту­ралы мәлімет бол­ғанда ғана қара­лады.
Азаматтардың мемлекеттік орган­дарға, ұйымдарға, меке­ме­лер­ге ұсыныстарымен, өтініште­рі­мен, шағымдарымен жүгінуі – жеке тұл­ғаның құқықтарын жүзеге асыру­дың және қорғаудың, мем­лекеттік ап­параттың халықпен байланы­сын нығайтудың ма­ңызды құралы.

Толқын ЖҮНІСОВА,
облыстық экология департаментінің бас маманы  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp