Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығының Ғабит Мүсірепов көшесінде күдікті көрінген «Honda Element» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрғандықтан, медициналық куәландыру жасалып, нәтижесінде оның мас екендігі анықталған. Тексеру барысында автокөліктің Нұр-Сұлтан қаласынан ұрлап әкетілгені белгілі болған. Қазір жүргізуші мас күйде көлік құралын басқарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Көлік айып тұрағына қойылған. Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері көлік ұрлығына қатысты материал жинауда, оны астаналық әріптестеріне тапсыратын болады.
– Былтыр облыс аумағында 1049 мас жүргізуші ұсталды, – дейді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Яғни, әр 2 күн сайын солтүстікқазақстандық жүргізушілердің біреуі спирттік ішімдік ішіп, рөльге отырады. Патрульдік полиция қызметкерлері осындай фактілерді анықтау мен жолын кесуге бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізуде.