«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қашықтан жұмыс істеудің адам денсаулығына зияны қандай?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жоғары санатты дәрігер-терапевт, Ходанова атындағы медициналық иммунокоррекция орталығының бас директоры Людмила Лапа қашықтан жұмыс істеудің адам денсаулығына зияны туралы жазды.

Сарапшы көптеген қызметкер қашықтан жұмыс істеу кезінде дене белсенділігінің аз болуына байланысты артық салмақ жинайтынын атап өтті.
Дәрігердің айтуынша, қимыл-қозғалыс белсенділігі төмен және артық салмақ қосқан адамның иммундық жүйесі әлсірейді. Нәтижесінде, адам сыртқа шыққанда дереу ауырып қалуы мүмкін.
Сонымен қатар, дәрігер үй жағдайындағы жұмыс орнын таңдауға назар аударуға кеңес берді. Төсек орнында немесе диванда ноутбукпен жұмыс істеу остеохондроз туындатады.
Лапа атап өткендей, үйде қызметкерлер жұмыс орнын жарықтандыру нормаларын елемей, кей кезде үстеме жұмыс жасайды. Аталған жағдайдың барлығы стресс пен күш жоғалтуға әкеліп соғады.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp