«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰРЫ КҮЗЕТШІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Саумалкөл ауылындағы ағаш тілетін кәсіпорыннан құрал-жабдықты ұрлау фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Айыртау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған басқа қылмысты ашты. 

2020 жылғы қарашада осы кәсіпорыннан ағаш тілгіштің 420 мың теңге тұратын дискісі жоғалған болатын. Осылайша, жедел уәкілдер екі айдан кейін күдіктіні анықтап отыр. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған сол кәсіпорында жұмыс істейтін 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жас жігіт кәсіпорында күзетші болып істеген. Ұрлықты өзі кезекшілікте болған күні жасаған екен. Кейін ұрланған затты ауылдасына сатқан. Ұрланған зат қайтарылды. Полицейлер күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp