«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 26, 2021

Президент Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасына тапсырма берді

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовке тапсырма берді.

Президент: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында – артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтетінімізді айтып, осыған орай қолға алынған реформаларды қарқынды түрде жүзеге асыруымыз керектігін алға тартады.

Төрт көлік соқтығысты

Жезқазған-Петропавл автожолының 956-шы шақырымында Бескөл ауылына бет алған «Nissan Juke» машинасының 38 жастағы жүргізушісі қала тұрғыны тізгіндеген «Volkswagen» автокөлігіне соғылған. Көліктер апаттық белгісін қосып, жол шетіне тоқтауға мәжбүр болады. Ауа-райының қолайсыздығынан 1969 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы «Mercedes-Benz» автокөлігі жол жиегінде тұрған «Nissan Juke»-ні, кейін қарсы бағыттағы «Toyota Land Cruiser Prado» машинасын соққан.

ҚАҺАРМАНҒА ҚҰРМЕТ Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетовтің есімі Ресейдегі мектепке берілді

Ресей Федерациясының Қорған облыстық өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысындағы жеңіске арналған «Ресей қазақтарының ерлігі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Ресейдің ұлттар істері жөніндегі федералдық агенттігінің мұрындық болуымен қолға алынған бұл шара бұған дейін көршілес елдің 13 облысында өткізілді. Бүкілресейлік жобаның көздеген мақсаты – кейінгі ұрпаққа кеңес одағы халықтарының ерлігін паш ету, қазіргі жастарға Ұлы Отан соғысының сұрапыл …

ҚАҺАРМАНҒА ҚҰРМЕТ Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетовтің есімі Ресейдегі мектепке берілді Read More »

АҚШАНЫ ӨЗ БАЛАЛАРЫ ҰРЛАҒАН

Облыс орталығының тұрғыны өзінің шотынан 449 мың теңге жоғалғанын біліп, бірден полицияға хабарлаған. Петропавл қалалық екінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктіні – бұрын ұсақ ұрлық үшін жауапқа тартылған, жәбірленушінің жиырма жасар өгей баласын ұстады. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар соңғы кездері жиі кездесуде.

Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли бұған дейін хабарлағандай, онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.

Құс тұмауынан зардап шеккендерге өтемақы төленді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті жоғары патогенді құс тұмауынан қырылған құстарға байланысты өтемақыны толық көлемде өтеді. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.