«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызы әкесін тонап кеткен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында 19 жастағы бойжеткен интернет-банкинг арқылы әкесінің 790 мың теңге ақшасын ұрлады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы екінші полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны жүгінген. Ол шотынан 790 мың теңгенің жоғалғанын айтқан. Тергеу барысында ақшаны оның колледжде оқитын 19 жастағы қызы ұрлағаны анықталды. Ал Петропавлдың екінші тұрғынының шотынан 449 мың теңге қолды болған. Полицейлер күдіктіні анықтады. Ол – бұрын ұсақ ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған жәбірленушінің 20 жастағы өгей ұлы болып шықты.
Екі жағдайда да ұрылар туыстарының банк шоты қосылған ұялы телефонын пайдаланған. Бұл фактілер «Ұрлық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
«Соңғы кезде осындай туыстар арасында жасалатын ұрлық көбейіп барады. Көбіне заманауи техниканың тілін білмейтін егде тартқан адамдар зардап шегеді. Сондай-ақ, осындай қылмыстар Wi-Fi функциясы бар, парольмен қорғалмаған телефондарын немесе банк карталарын жоғалтқан кезде жасалады. Адамдарды телефондарына өзінен басқа ешкім білмейтін пароль қойып, сақ болуға шақырамыз. Банк карталарына растау кодынсыз ақша шешуге лимит қою қажет, бөтен адам жоғалған картамен лимиттен жоғары төлем жасаған кезде иесінің телефонына хабарлама келіп түседі және иесі операциядан бас тарта алады. Банк картасы жоғалған жағдайда қосымша арқылы немесе банкке хабарласып дереу бұғаттап тастаңыз», дейді Петропавлдағы екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов.
Айта кетейік, облыста былтыр осы тектес 33 қылмыс тіркелген еді.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp