Жезқазған-Петропавл автожолының 956-шы шақырымында Бескөл ауылына бет алған «Nissan Juke» машинасының 38 жастағы жүргізушісі қала тұрғыны тізгіндеген «Volkswagen» автокөлігіне соғылған. Көліктер апаттық белгісін қосып, жол шетіне тоқтауға мәжбүр болады. Ауа-райының қолайсыздығынан 1969 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы «Mercedes-Benz» автокөлігі жол жиегінде тұрған «Nissan Juke»-ні, кейін қарсы бағыттағы «Toyota Land Cruiser Prado» машинасын соққан.
Зардап шеккендер жоқ. «Nissan Juke» және «Mercedes-Benz» автомашиналарының жүргізушілеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тиісті бабы бойынша хаттама толтырылды. Жиналған материалдар процестік шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді.
Қаңтар айының басынан облыс аумағында жеті жол-көлік оқиғасы тіркелді, бір адам қаза тауып, жетеуі дене жарақатын алды.