«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.01.2021

1 ақпаннан бастап ескі банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталады

1 ақпаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2, 5, 10 мың теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталады. Бұл туралы Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов айтты.

Виктор Зайберттің «Ботай» кітабының екінші бөлімінің тұсаукесері өтеді

29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде белгілі археолог, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Археология және дала өркениеттері» ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымының докторы Виктор Зайберттің «Ботай» (екінші бөлім) кітабының тұсаукесері өтеді. Бұл кітапты әзірлеуге Ботай кешенді экспедициясының ғалым-мамандары қатысты.

Қырғызстанның жаңа президенті ресми түрде қызметіне кірісті

Оның ұлықтау рәсімі Қырғыз мемлекеттік телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Садыр Жапаров ант мәтінін оқыды, содан кейін оған Қырғыз мемлекеттік филармониясының залында эталон, сертификат және президенттің төсбелгісі табысталды. 

Мемлекет басшысы Португалия Республикасының қайта сайланған Президенті Марселу Ребелу де Соузаны құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Марселу Ребелу де Соузаны Португалия Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.

Той өтеді, несие қалады

Бір медальдың екі жағы болатыны сияқты пандемия кезінде жас­тардың артық шығынсыз шаңырақ көтерулеріне мүмкіндік туды. Яғни, қазір үйлену, қыз ұзату, құда түсу тойларын өткізуге үзілді-кесілді тыйым салынғандықтан, қыз-жігіттер неке қиғызумен шектелуде. Осыған орай қоғамда бұл салтанаттарға қатысты қарама-қайшы пікірлер айтылып жүр. Біреулер жас жұбайлардың өмірінде бір-ақ рет болатын аталмыш тойларды карантин аяқталған соң дүркіретіп өткізген …

Той өтеді, несие қалады Read More »

“ЖҰМЫСЫ ЖОҚТЫҚ, ТАМАҒЫ ТОҚТЫҚ аздырар адам баласын…”

Жазушы Жүсіпбек Аймауытов­тың “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асырау жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе”, – деген ұлағатты сөзі бар. Демек, маңдай терін төгіп, адал еңбекпен нан табу қашан да құрметке лайық. Алайда, жасыратыны жоқ, бірқатар жастардың қол еңбегінен қашып, жайлы кеңседе қызмет …

“ЖҰМЫСЫ ЖОҚТЫҚ, ТАМАҒЫ ТОҚТЫҚ аздырар адам баласын…” Read More »

БІЛІМДІГЕ ДҮНИЕ ЖАРЫҚ

Бәсекеге қабілеттілік – жастардың бойынан табылуы тиіс ізгі қасиеттердің бірі. Бұл қабілет адамды күн сайын жетіле түсуге жетелейді. Жарысқа түссең, екінші тынысыңды ашып, жеңіске бастайды. Адамды алға ұмтылдыратын қасиет туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласында: “ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі …

БІЛІМДІГЕ ДҮНИЕ ЖАРЫҚ Read More »

Табиғатқа жанашыр

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханадағы америкалық бұрыштың мамандары экологиялық волонтерлік жайында онлайн жиын өткізді. “Zoom” арқылы ұйымдастырылған шараға петропавлдық ерікті жастар қатысты.

“Кел, шай ішейік”

“Jas Otan” жастар қанатының өңіріміздегі филиалының өкілдері “Кел, шай ішейік” акциясын өткіз­ді. Қайырымдылық шарасының барысында белсенділер таңнан кешке дейін шаһар көшелерін қардан тазартып жүрген коммуналдық қызметтер жұмысшыларына ыстық шай мен бауырсақ ұсынды.

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰЛ

25 жастағы Нұрсұлтан Қанғожин – учаскелік полиция инспекторы. Оның бұл қызметте жүргеніне небары екі ай өтті. Соған қарамастан жұмысқа төселіп, тұрғындардың түйткілдерін жедел әрі сапалы шешуде.