«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАҒА ИІС ТИДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында көпқабат­ты тұр­ғын үйлердің бірінде өрт шығып, бір балаға иіс тиді.

Ружейников көшесі, 97 мекенжайындағы үш қабатты үйдің бірінші қабатындағы қосалқы бөлме есігінің отқа оранғаны туралы хабар “101” телефон нөміріне түнгі сағат 1-ден аса түсті. Өртсөндірушілер оқиға орнына сегіз минуттан соң жеткен кезде үй көк түтінге оранған болатын. Бірден жұмысқа кіріскен газ-түтіннен қорғау қызметінің құтқарушылары арқылы 16 адамды, оның ішінде 4 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Өрт салдарынан 15 жасар балаға иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.
Үш шаршы метр аумақты шарпы­ған жалынның жайылуына жол берілмей, 40 минуттың ішінде толық­тай сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, өрт отты пайдалану кезіндегі абайсыздық салдарынан шығуы мүмкін.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp