«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Виктор Зайберттің «Ботай» кітабының екінші бөлімінің тұсаукесері өтеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде белгілі археолог, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Археология және дала өркениеттері» ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымының докторы Виктор Зайберттің «Ботай» (екінші бөлім) кітабының тұсаукесері өтеді.

Бұл кітапты әзірлеуге Ботай кешенді экспедициясының ғалым-мамандары қатысты.

«Бозоқ» қорық-музейі еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және көпшілікке таныту мақсатында еліміздің жетекші ғалымдарымен, археологтарымен белсенді ынтымақтастық орнатып келеді.
Ботай – Еуразияның алғашқы жылқы өсірушілерінің әлемде теңдесі жоқ қонысы. Бұл мәдениет б.ғ.д.V-IV ғасырлар аралығын қамтиды. Зерттеу нəтижесінде Қазақстан жер шарында жануарларды, ең алдымен жылқы мен сиырды қолға үйретудің негізгі орталығының бірі екені анықталған.
Ботай қонысына зерттеулерді 1980 жылдан бастап профессор Виктор Зайберттің басшылығымен Солтүстік Қазақстан университетінің ғылыми экспедициясы жүргізіп келеді. Ботай археологиялық ескерткіші ЮНЕСКО қорғауында.
Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, белгілі ғалымдар, археологтар мен этнологтар, жоғары оқу орнының оқытушылары қатысады.
Тұсаукесер кезінде залда коронавирус пандемиясына байланысты барлық қауіпсіздік шарасы сақталады. Сонымен қатар ZOOM интернет-платформасы арқылы іс-шараға онлайн-қатысуға болады.
https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp