«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Самалтау» әнін украин тілінде орындады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қазақтың дәстүрлі «Самалтау» әнін украин тілінде орындады.

Қазақтың дәстүрлі әні «Самалтауды» Димаш алғаш рет 2019 жылдың 20 қазанында Қытайдың Фучжоу қаласында өткен халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалінде орындаған болатын.
Сондай-ақ әнші бұл әнді жақында АҚШ президентінің ұлықтау рәсімінде айтқан еді.
Қазақтың ұлттық аспабы – қобыздың сүйемелдеуімен шырқалып, иттердің үні, құстардың шуылы, даланың әуезі естілетін ән қазақ халқының тарихына сапар шектіргендей болады. Әнге Димаштың шетелдік тыңдармандарының құмартқаны соншалық – оны әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер шырқай бастады.

 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp