«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Кел, шай ішейік”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Jas Otan” жастар қанатының өңіріміздегі филиалының өкілдері “Кел, шай ішейік” акциясын өткіз­ді. Қайырымдылық шарасының барысында белсенділер таңнан кешке дейін шаһар көшелерін қардан тазартып жүрген коммуналдық қызметтер жұмысшыларына ыстық шай мен бауырсақ ұсынды.

– Жаздың аптап және қыстың қытымыр күндерінде қала тазалығын сақтау үшін көшелерге шығатын жұмысшыларға алғысымыз шексіз. Біз бүгінгідей аязды күндері оларға титтей де болса жақсылық жасап, қуантуды жөн көрдік. Жалпы, мұндай сауапты шара еліміздің бірқатар өңірінде жүзеге асырылуда. Бұл акция өңірімізде алдағы уақытта да жалғасын табады, – дейді “Jas Otan” жастар қанатының өңіріміздегі филиалының төрағасы Біржан Құдайбергенов.
Тіскебасар таратып, ыстық шай­мен бойларын жылытқан қыз-жігіттерге қолдарына күрек ұстаған жұмысшы-лар ризашылықтарын білдірді. Жал-пы, акция барысында белсенділер 4 килограмм бауырсақ пен 5 литр ыстық шай үлестірді.

Қанат АТАМАНОВ,
“Soltústik Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp