«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

25 жастағы Нұрсұлтан Қанғожин – учаскелік полиция инспекторы. Оның бұл қызметте жүргеніне небары екі ай өтті. Соған қарамастан жұмысқа төселіп, тұрғындардың түйткілдерін жедел әрі сапалы шешуде.

“Әке көрген оқ жонар” демек­ші, Нұрсұлтан бала кезінде қандай мамандық иесі болатынын болжамаса да, есейе келе марқұм әкесінің ізін жалғады. Петропавл қалалық ішкі істер бөлімінде кезекші болып қызмет атқарған Серік Қабидоллаұлы жүрек талмасы салдарынан қаза тапқан.
Жас полицейдің әжесі немересі туғанда Тұңғыш Президенттей азамат болсын деген тілекпен оның есімін Нұрсұлтан деп қойыпты. Ал атасы ақын Мүтәлләп Қанғожин Нұрсұлтан Назарбаевтың қолын алып, кітабын сыйға тартқан.
– Осыған дейін облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметінде жұмыс істедім. Бұрынғы қызметім мен қазіргі жұмысымда айырмашылықтар өте көп. Көмекке мұқтаж адамдармен тікелей жұмыс істейсің. Қиын күндері марқұм әкемнің айтқан өсиеттерін есіме аламын. Атам 1942 жылы Ресейдің Тверь облысындағы қан майданда із-түзсіз жоғалған бабамыздың ерліктері туралы біраз естеліктер айтқан. Қызмет бабында бол­сын, өмірде болсын сол кісілердің аттарына кір келтірмеуге тырысамын, – дейді жас полицей.
“Северный” сауда үйі аумағындағы №7 учаскелік полиция пунктіне жауапты жас тәртіп сақшысы 8890 ересек адам мен 6041 балаға қызмет көрсетеді. Негізгі міндеттері – осы учаскеде қылмыстардың алдын алу, бұрын істі болғандар мен тұрмысы нашар отбасыларды қадағалау.

Мұхтар ХАҚНАЗАР.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp