1 ақпаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2, 5, 10 мың теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталады. Бұл туралы Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов айтты.
«2006 жылғы үлгідегі номиналы 2, 5, 10 мың теңгелік банкноттар қолда бар болған жағдайда, Ұлттық банктің жақын маңдағы филиалына барып, 1 ақпан сағат 15:00-ге дейін ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырып алуды сұраймыз», деді Ж. Қажымұратов.
Оның айтуынша, 2021 жылдың 2 ақпанынан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылданбайды және ауыстырылмайды.
https://egemen.kz