«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

WhatsApp-та қауіпті вирус тарағаны белгілі болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

WhatsApp мессенджері арқылы қауіпті вирус тарады. Бұл туралы ESET компаниясының қауіпсіздік жөніндегі зерттеушісі Лукас Стефанко мәлім етті.

Қауіпті вирус, әсіресе, Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфон иелеріне қауіп төндіреді. Телефон қолданушысына мессенджер арқылы смартфон ұтып алу туралы ұсыныспен сілтеме келеді. Сілтемені басқаннан кейін WhatsApp қолданушысы Google Play қосымшалар дүкеніне ұқсас дизайндағы сайтқа өтеді. Онда оған бағдарлама орнату ұсынылады.
Бағдалама жүктелгеннен кейін ол хабарлама алуға рұқсат сұрайды. Жылдам жауап беру функциясын қолдана отырып, вирус сілтемені басқа пайдаланушыларға жібереді. Мұндай хабарламалар сағатына бір рет келуі мүмкін. Л. Стефанконың айтуынша, бұл зиян бағдарламаны жасыру үшін жасалады.
Сондай-ақ бағдарлама фонда және басқа қосымшалармен қатар жұмыс істеуге рұқсат сұрайды. Мұндай әдістерді алаяқтар смартфон экранында жарнамаларды көрсетіп, ақша табу үшін жиі қолданатын көрінеді.
 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp