«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Табиғатқа жанашыр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханадағы америкалық бұрыштың мамандары экологиялық волонтерлік жайында онлайн жиын өткізді. “Zoom” арқылы ұйымдастырылған шараға петропавлдық ерікті жастар қатысты.

Жиында ұлттық волонтерлер желісінің үй­лестірушісі Құралай Жарқымбаева “Plastic Free” жобасын таныстырды. Жобаның басты мақсаты – пластиктің қолданылуын барынша азайту үшін ақпарат тарату және экологиялық әдеттерді насихаттау. Жоба аясында белсенді жастар тренингтен өтіп, еліміздің барлық өңірлерінің оқушылары үшін онлайн сабақтар өткізеді.
“Қоғамдық даму және ақпарат орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жастар бастамалары бөлімі де эковолонтерлікке зор мән беріп отыр. Өскелең ұрпақты табиғатты көздің қарашығындай күтіп ұстауға жұмылдыру – күн тәртібіндегі маңызды жүмыстарымыздың бірі. Мысалы, өткен жылы облыста қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында 350 сенбілік, 257 рейд өткізіліп, 5,5 тонна қоқыс жиналды. Әсіресе, жастар Есіл өзені мен Пестрое көлінің жағалауларында жиі болып, айналаның ластанбауын бақылады. Сондай-ақ, былтыр “Biz birgemiz!” акциясы аясында 400 аула қар мен қалдықтардан тазартылды.

Анастасия ВОЛКОВА,
“Қоғамдық даму және ақпарат орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жастар бастамалары бөлімінің жетекшісі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp