«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 02.02.2021

Шипажайда емделу үшін зейнетақының бір бөлігін пайдалануға бола ма?

Қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін шипажайдағы емге пайдалана ала ма? Тілшілердің бұл сұрағына Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова жауап берді.

ОҚЫТУДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Білім беру жүйесіне қойылатын біліктілік талаптарында бірқатар өзгерістер орын алды. Жаңашылдық 2020 жылғы шілде айынан күшіне енді. Олардың орындалуын облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары бақылап отырмақ.

МЕКТЕП АВТОБУСЫ ҚАУІПСІЗ БЕ?

Үстіміздегі жылғы 21 қаңтардан бастап облыс аумағында “Қауіпсіз мектеп автобусы” республикалық ак­циясы жүріп жатыр. Акция бала­ларды білім беру ұйымдарына та­сы­малдауды ұйымдастыру бары­сында олардың қауіпсіздігін қам­тамасыз етуді, жол-көлік оқиғала­ры­ның алдын алуды көздейді. Бұл шараға мектепке дейінгі және мек­теп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәме­лет­ке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнін­дегі комиссиялардың, ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, ең­бек …

МЕКТЕП АВТОБУСЫ ҚАУІПСІЗ БЕ? Read More »

ТӘТТІ СУСЫН ДАЙЫНДАУ ТАЛАПТАРЫ

Шырын – жаңа піскен немесе таза сақталған жемістерден жасалатын сусын. Әдетте ол адам ағзасына қажетті дәрумендерге бай. Бүгінгі таңда дүкенге бара қалсақ, шырынның кез келген түрін сатып алуымызға болады. Бірақ бұл өнімдердің барлығы талаптарға сәйкес келеді деп айта аламыз ба?

ТАҒДЫР ТАУҚЫМЕТІ

Тағдыр тауқыметін тартқан Мәриям Өтегенованың (аты-жөні өзгертілді) өмірі өксікке толы. Жасы сексеннен асқан кейуананың іштегі дерті зіл батпан. Мұңы мен шері қалың әжейдің өзегін өртеген өкініш, сансыз сауал бізге де ой салды. Қарияның жүрек сыры ұятын жоғалтқан ұрпақтың санасына қозғау салса деген ниетпен қолға қалам алып, қағаз бетіне түсірдік.

ЭКСПОРТ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2014 жылдан бастап “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы елімізде жасалған өнімдерге сертификаттар бере бастады. Был­тыр Солтүстік Қазақстан облысында өнімдердің шыққан жерін айқындайтын 2336 сертификат берілген. Оның 2119-ын тауарын шетелге шығаратын кәсіпкерлер алған. Тауардың шыққан жерін растайтын сертификат кедендік рәсімдеуде қажет.

ҰСЫНЫСТАРЫН ЖЕТКІЗДІ

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері биылғы жылы алғаш рет өткізілген облыс­тық полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның отырысында қаралды. Консультативтік-кеңесші органның мүшелері полиция басшылығымен бірге күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын жасады.

ТАРИХТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ СЕКІЛДЕНІП

Былтыр жарық дүниемен мәңгілікке қош айтысқан Шалқар Кәрібаев – Ақжар, Уәлиханов өңірлеріне қатысты, топонимикалық, тарихи атауларды этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеуге сүбелі үлес қосқан жергілікті өлкетанушылардың бірі еді. Өкініштісі сол, ағамыз көңілге қонымды, құлаққа әуезді естілетін байырғы жер-су аттарын бір жүйеге түсіріп, ғылыми еңбек шығару арманына жете алмай кетті. Оның құймақұлақ қариялардың естеліктеріне, ресми құжаттарға сүйене отырып, …

ТАРИХТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ СЕКІЛДЕНІП Read More »

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР

Облыстық мәслихаттың депутаты Ирина Эктованың төрағалық етуімен халықтың денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның алғашқы отырысы өтті.