«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ынтымақтастық — басты мұрат

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен облыстық ассамблеяның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Алқалы басқосуды облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов ашып, бірегей құрылымның ел тұтастығы мен қоғам тұрақтылығын нығайту жөніндегі кешенді іс-шаралары дәйекті түрде жалғасып келе жатқанын, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық бірегей үлгісі қалыптасқанын, сенім, ынтымақтастық, өзара түсіністік басты мұрат болып табылатынын атап өтті. Атқарылған жұмыстар үшін этномәдени бірлестіктерінің жетекшілеріне алғыс айтып, жас ұрпақты отбасы құндылықтары мен салт-дәстүрлерге баулуға шақырды.
Жиында ассамблеяның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері 2021 жылға арналған іс-қимыл жоспарларымен бөлісті. Аналар кеңесінің төрайымы Күлімкөз Смайылова жиналғандардың назарын отбасылық тәрбие, тұрмыстық зорлық-зомбылық, қатыгездік проблемаларына аударса, медиация кабинетінің меңгерушісі Гүлбақша Мұсабаева этносаралық қатынастар, еңбек, отбасылық және басқа да дауларды реттеу, аудандардағы медиаторлармен тығыз қарым-қатынас орнату, медиация бойынша семинарлар, тренингтер, мастер-кластар, коучтар өткізу мәселелері бойынша ой бөлісті. Рашид Нәдіров облыстық ассамблеяның қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысы, қайырымдылық саласында атқарылған игілікті істер, кеңестің “қоғамдық бақылау” шаралары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, журналистер клубы, ғылыми-сараптамалық топ, Қазақстан халқы ассамблея кафедрасы, еріктілер қозғалысы орталығы және т.б. құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері алда атқарылатын жұмыстар жайлы жоспарларын ортаға салды. Ішкі саясат басқармасы этносаралық қатынастарды талдау және өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Бағдат Мұқанова биыл аталып өтілетін тарихи-мерейтойлық даталарға шолу жасады. “Қоғамдық келісім” КММ-і басшысы Ирина Литт этностар арасында қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған базалық жобаларға тоқталды.

Ринат ШАМСУДДИНОВ,
облыстық “Қоғамдық келісім” КММ-нің бөлім жетекшісі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp