«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕМХАНАДАҒЫ ҰРЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық тәр­тіп сақшылары №1 қалалық емханада болған ұрлықты ізін суытпай ашты.

67 жастағы қала тұрғыны емхана­ның тіркеу бөлімінен полицияға қоңырау шалып, дәлізде қалдырған сыртқы киімі ұрланғанын хабарлаған. Қалтасында ұялы телефоны болған. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары мекемедегі бейнекамералардағы жазбаларды қарап, жәбірленушінің сырт киімін алған ер адамды анықтады. Күдікті бұрын сотталған 52 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Ұсталған азаматтың айтуынша, ол емханаға медициналық көмек алу үшін келген. Орындықта жатқан сырт киімді көріп, алып кеткен. Қалтасындағы ұялы телефонды сатпақ болған.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp