«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 3, 2021

ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРУ — МІНДЕТ

2020 жылдың 10 желтоқсанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңға қол қойды. Аталмыш құжат нормаларына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасына енгізілген бірнеше өзгеріс күшіне енді.

УАҚЫТЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

Облыс аумағында Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу жалғасып жатыр. Үкіметтің қаулысымен мұндай автокөліктерді тіркеу мерзімі 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылды. Көлік иелері үшін уақытша нөмір алуға әлі бір айдай уақыт бар.

“ТӘЙТҚАРА”

Зоотехник, бухгалтер мамандықтары бойынша білім алып, талай жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында қызмет етсе де, жергілікті басылымнан қол үзбеген газетіміздің байырғы авторларының бірі Ысқақ Арқаевтың есімі де, қазақы қалжыңға толы әзіл әңгімелері де оқырмандарымызға жақсы таныс деп ойлаймыз. Бүгінде 70 жастың биігіне көтеріліп отырған мерейтой иесін өмірінің айтулы күнімен құттықтап, ауыл өміріне қатысты шағын әңгімесін …

“ТӘЙТҚАРА” Read More »

МЕКТЕПТЕГІ ЗАҢСЫЗДЫҚ

Өткен жылы өңір мектептерін­де білім саласына қатысты заңнаманы бұзу фактілері бойынша 7 әкімшілік іс қозғалыпты. Бір білім беру мекемесінің лицензиясы тоқтатылған. Мұндай фактілер облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары жүргізген бақылау шараларының барысында анық­талды.

ШАҒЫН НЕСИЕНІҢ ШАРАПАТЫ

Былтыр коронавирус пандемиясының зардабы тимеген сала болған жоқ. Дейтұрғанмен, ел экономикасының кейбір жекелелеген салаларында едәуір өсім болғаны рас. Мәселен, дағдарыс кезеңінде тасы өрге домалаған салалардың бірі – ауыл шаруашылығы. Елдегі жалпы ішкі өнім азайған кезде ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 2,4 трлн. теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіндегіден 4,9 пайызға көп.

ЕМХАНАДАҒЫ ҰРЛЫҚ

Солтүстікқазақстандық тәр­тіп сақшылары №1 қалалық емханада болған ұрлықты ізін суытпай ашты.

ЖАЙЛЫ ЖИҺАЗ ІЗДЕСЕҢІЗ…

Жиһаз жасау ісі – өңірде қарқын алып келе жатқан салалардың бірі. Мұның бір себебі – облыста өндіріске қажетті шикізаттың жеткілікті болуы, екіншіден, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай қолдау тетіктерінің сан түрлілігі. Бұл қос мүмкіндікті “Lion Mebel” жеке кәсіпкерлігі тиімді пайдаланып, ісін өрге домалатып отыр.

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ — ЖҰМЫСҚА ЕКПІН

Барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері жалғасуда. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты кездесулер онлайн өтуде. Бүгінге дейін ауылдық округтер мен аудан әкімдері 480 кездесу өткізді (барлығы 570). Оларға онлайн форматта 25 мыңға жуық адам қатысып, 900-ге жуық сауал жолдады. Есеп беру жиындарына әкімдік қызметкерлерінен бөлек, түрлі мекеме, шаруашылық басшылары да қатысып, жұртшылықтың өтініш-тілектеріне жауап …

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ — ЖҰМЫСҚА ЕКПІН Read More »

ЕВГЕНИЙ – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Жеңіл салмақта өнер көрсететін солтүстікқазақстандық Евгений Павлов Дүниежүзілік бокс қауымдастығының («WBA») «ТОП-15» рейтингісіне енді.

ОБЛЫСТА ҚАСҚЫРЛАР ЖОҚ

Облысымызда қасқырлар мен шиебөрілер жоқ. Бұл жыртқыштардың өңірімізден ізім-қайым жоғалғаны туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы «Facebook»-тегі парақшасында жазды.

ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖАЛҒАСУДА

  Өңірімізде 1 ақпаннан бері Covid-19-ға қарсы вакцинациялау шаралары жүргізіліп жатқаны белгілі. Өткен екі тәулік ішінде 777 тұрғын екпе алды. Алғашқы күні егу кабинеттеріне жүгінген 235 адамның басым бөлігі – медицина саласының қызметкерлері. Олардың қатарында полиция өкілдері мен аудан әкімдері де бар. Бұдан кейінгі екпе жұмыстары алдын ала жасалған жоспар бойынша жүргізіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Мемлекет басшысына биылғы қаңтар айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, Ұлттық қордың алтын-валюта резервтері мен активтерінің жай-күйі туралы баяндалды.

ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫН ДЕС БЕРМЕЙ ТҰР

Жыл басынан бері облыста 73 өрт оқиғасы орын алды. Оның 16-сы Петропавл қаласында тіркелсе, қалғандары Қызылжар, Есіл, Мағжан Жұмабаев, Тайынша және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

ЖАТАҚХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЗДА АЯҚТАЛАДЫ

Жыл соңына дейін Петропавл қаласында университеттің заманауи оқу-зертханалық корпусы мен студенттерге арналған 244 орындық жатақхананың құрылысы аяқталады. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы ұйымдастырған баспасөз туры аясында құрылыс алаңдарында болып, орындалған жұмыс барысымен танысты.

ЖАРТЫ МИЛЛИОНДЫҚ АЛТЫН ҰРЛАНДЫ

Жас жігіт Петропавл қаласындағы ломбардтың бірінен 555600 теңге тұратын салмағы 26,24 грамм алтын алқаны тағып көру үшін сұрап алып, қаша жөнелген. 

Ұстаздар санаторлық ем алады

  «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі 2019 жылы «Денсаулық» мәдени-сауықтыру бағдарламасын қолға алған болатын. Содан бері 400-ден астам кәсіподақ мүшесі денсаулықтарын түзеді. Ұстаздар, негізінен, сабақтан бос уақытта, яғни сенбі-жексенбі күндері шипажайларда демалып, ем қабылдауда. Бағдарламаға өңір аудандарының мұғалімдері кезекпен қатыспақ. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, олардың жасы, еңбек …

Ұстаздар санаторлық ем алады Read More »

СЫНАҚ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші кезеңіне биыл мектеп бітіретін 3405 түлектің 2062-і қатысты. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Гүлмира Оспанованың айтуынша, 20-29 қаңтар аралығында өткен ҰБТ М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде және 6 ауданда ұйымдастырылды.

Президент Әнес Сарайдың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы жазушы, драматург Әнес Сарайдың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Facebook» парақшасында жазды.