«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРТЫ МИЛЛИОНДЫҚ АЛТЫН ҰРЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жас жігіт Петропавл қаласындағы ломбардтың бірінен 555600 теңге тұратын салмағы 26,24 грамм алтын алқаны тағып көру үшін сұрап алып, қаша жөнелген. 

Петропавлдық полицейлер бейнебақылау жүйесі арқылы тонаушының ізіне түсіп, көп ұзамай ұстады. Жиырма жастағы қала тұрғыны бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін істі болған және іздеуде жүрген екен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ол танысының үйінде ұсталды және уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Күдікті ұрланған алтын алқаны басқа ломбардқа өткізіп жіберген екен. Енді оған қолмен жасағанын мойнымен көтеруге тура келеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp