«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік аймақтарда қоғамдық бақылау туралы заң жобасы талқыланды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2021 жылдың 2 ақпан күні Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі Гүлбара Султанованың модераторлығымен қоғамдық бақылау туралы заң жобасының моделін қарастыру бойынша Жұмыс тобының өңірлік көпшілік талқылауы өтті.

Өңірлік көпшілік талқылау Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының белсенді азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен жүргізілді.
Талқылау барысында қатысушылар өз ұсыныстарымен бөлісті. Атап айтқанда, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева қоғамдық бақылау объектілері мен субъектілерінің қатарын кеңейтуді және де ұғымдық аппаратқа «Қоғамдық мүдде» ұғымының анықтамасын енгізуді ұсынды.
«Волонтерское движение Lider.kz» ҚҚ басшысы Баимова Олеся заңда қоғамдық бақылау субъектілері мен объектілерінің тізбесін кеңейтуді, сондай-ақ халықты БАҚ-та қандай да бір тексерудің қорытындылары туралы ғана емес, тексеру барысы туралы да хабардар ету қажеттігін мәлімдеді. Сондай-ақ, қоғамдық бақылауға арналған интернет-платформа құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
«Жас Атамекен» Жас кәсіпкерлер клубының президенті Кокжанова Зарина қоғамдық бақылаудың мақсаттары мен міндеттерін кеңейтуді ұсынды.
Жұмыс тобының мүшесі, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры Сергей Худяков заңның барлық баптарына жеке тоқталып, өз ұсыныстарын атап өтті. Негізінен, қоғамдық бақылау объектілеріне табиғи монополиялар субъектілерін қосу, сондай-ақ қоғамдық бақылаудың жаңа нысаны – әлеуметтік аудитті қосу және қоғамдық бақылау жүргізудегі субъектінің өз бастамасын қоғамдық бақылаудың жүзеге асыру негіздеріне енгізу қажет екенін хабарлады.
Жұмыс тобының мүшесі, «The Last Hope» Үкіметтік емес ұйымы» ҚБ басшысы Руслан Асаубаевтың пікірінше, қоғамдық бақылау объектілерінің қатарына бюджет қаражаты есебінен жұмыстарды, қызметтер мен тауарларды ұсынатын мемлекеттік сатып алуға қатысатын барлық заңды тұлғаларды қосу қажет.
Сонымен қатар, кездесу барысында қоғам өкілдері Каржасова Сара, Мұсабаева Гүлбахша, Алтынбаева Кенжегүл, Коваль Андрей, Джаменков Нұрлан, Петрова Людмила, Утебаева Динара және Какенов Абылайхан өз ұсыныстарымен бөлісті.
Заң жобасын талқылау бойынша келесі өңірлік отырысты Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының қоғам өкілдерімен өткізу жоспарлануда.

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp