«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКТЕПТЕГІ ЗАҢСЫЗДЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылы өңір мектептерін­де білім саласына қатысты заңнаманы бұзу фактілері бойынша 7 әкімшілік іс қозғалыпты. Бір білім беру мекемесінің лицензиясы тоқтатылған. Мұндай фактілер облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары жүргізген бақылау шараларының барысында анық­талды.

Аталмыш департамент өкілдері 2020 жылы өңір мектептерінде 59 бақылау іс-шарасын жүзеге асырған. 13 мектепке мамандар өздері барып, профилак­тикалық бақылау жүргізіпті. Бұған дейін берілген нұсқамалардың орындалуын байқау мақсатында 41 жоспардан тыс тексеру ұйымдастырылды. Жеке тұлғалардан арыз түскендіктен, қосымша тағы 5 тексеру орын алған.
– Бақылау іс-шараларының нәтижесінде 7 әкімшілік іс қозғалды. Олардың 5-еуінің негізгі себебі нұсқаманы орындамағандықтан орын алып отыр. Фактілерге қатысты материалдар сотқа берілді. Айыппұлдың жалпы сомасы 1 млн. теңгеден асады. Жеке тұлғалардың екі арызы да расталып, кінәлілерге 67 мың теңге айыппұл салынды. Бір білім беру ұйымының лицензиясын қолдануды тоқтатып, тағы 15 нұсқама берілді, – деп атап өтті онлайн брифинг барысында департамент басшысы Айнагүл Сұрағанова.
Лицензиясы тоқтатылған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл орта мектебіне қатысты департаментке жеке тұлға арызданған екен. Оның өтініші расталып, білім ошағына қатысты осындай шешім шығаруға тура келді. Шағын жинақты мектепте төртінші сынып оқушылары басқа сыныппен бірге оқытылып келген. Бұл – заңға қайшы. Тексерістен соң олқылық бірден түзеті­ліп, мектеп жұмысын қайта жалғастырды.
– Профилактикалық бақылау кезінде білім беру саласындағы заңнаманы бұзу тексеріске леккен 13 мектептің бәрінде орын алғаны анықталды. Олардың төрттен бірі өрескел бұзушылықтар болса, 90-ы – елеулі, 10-ы – болмашы заң бұзу-шылықтар, – дейді Айнагүл Сұрағанова.
Мектеп басшылары көп жағдайда ұлттық білім беру деректер қорына шынайы ақпарат беруден сүрінген. 9 мектепте оқушыларға жекелеген пәндерді арнайы мамандығы жоқ педагогтардың оқытқаны белгілі болды. Тексеріс барысында бүлдіршіндерге сабақ жоспарын дайындамау фактілері, жиынтық бағалаудағы кемшіліктер орын алған.
Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында осындай тексеріс 26 жалпы білім беретін мектеп пен бір колледжде жүргізілмек.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,
“Soltústik Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp