«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Президент Әнес Сарайдың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы жазушы, драматург Әнес Сарайдың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Facebook» парақшасында жазды.

«Көрнекті жазушы, ақын, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әнес Төлендіұлы Сарайдың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Қарымды қаламгер республикалық газеттер мен баспада және Қазақстан Жазушылар одағында еңбек сіңірді. Ұзақ жылғы шығармашылық жолында тарихи, әдеби-зерттеу туындыларын тарту етті. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», делінген көңіл айту жеделхатында.

Жазушы, драматург Әнес Сарай Ұлттық пантеонда жерленетін болды.

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp