«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫНАҚ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші кезеңіне биыл мектеп бітіретін 3405 түлектің 2062-і қатысты. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Гүлмира Оспанованың айтуынша, 20-29 қаңтар аралығында өткен ҰБТ М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде және 6 ауданда ұйымдастырылды.

– Университетте ҰБТ тапсыруға 1101 адам өтініш берсе, 50-і әртүрлі себептермен келе алмады. Талапкерлер үшін 12 аудитория әзірленіп, барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды. Төрт ауданнан және облыс орталығынан келген үміткерлер әр аудиторияға 10-15-тен орналастырылып, әлеуметтік арақашықтыққа баса мән берілді, деген ол ҰБТ-ның бірінші кезеңі бойынша ең жоғары нәтиже – 120, ал ең төменгі көрсеткіш 10 балл болғанын жеткізді. Наурыз айына жоспарланған келесі сынақ электронды форматта өтуі мүмкін.
– ҰБТ төрт рет – қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында ұйымдастырылып келеді. Алғашқы үшеуінде қажетті балды жинағандарға сертификат беріліп, жоғары оқу орнында ақылы түрде оқуға мүмкіндік алады. Ал грантқа үміткерлер маусымдағы сынаққа міндетті түрде қатысулары қажет. Тұтастай алғанда, ҰБТ штаттық режімде өтті. Тек Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда ұялы телефон алып кіріп, сынақ талабын бұзған бір бала тестілеуден шығарылды, – деді облыстық білім басқармасының бас маманы Мария Исмагаметова.
Диана ХАЛИМОВА,
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дің
медиаорталығының бас редакторы. 

Сурет: https://bilimdinews.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp