Облыс аумағында Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу жалғасып жатыр. Үкіметтің қаулысымен мұндай автокөліктерді тіркеу мерзімі 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылды. Көлік иелері үшін уақытша нөмір алуға әлі бір айдай уақыт бар.
– Оң рөлді көліктерді тіркеу үшін рөлін сол жаққа ауыстыру қажет, – деді әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Болат Жексембинов. – Қазіргі уақытта облыста “НаЦЭкС” АҚ-ның филиалы және “ПетроЭкспертиза” ЖШС-і қайта жабдықталған көліктің қауіпсіздігін растайды. Бүгіндері облымызда 374 шетелдік автокөлік уақытша нөмір алды, олардың 112-сінің рөлі сол жаққа ауыстырылды.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.