«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.02.2021

Тарихқа тың көзқарас

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған “Тәуелсіздік: Мәңгілік елдің берік тұғыры” атты республикалық онлайн конференция өтті.

Мас шенеунік қызметтен қуылмақ

Облыстық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы “ZOOM” платформасы арқылы өтті. Кеңес Петропавл қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данияр Жолдасбаевқа қатысты тәртіптік істі қараудан басталды.

СӨНБЕСЕ ЕКЕН СОЛ СӘУЛЕ

Бірде адамзат тарихындағы ұлы ой саңлақтары Гегель мен Канттың ілімдерімен сусындап, Қаныш Сәтпаев, Салық Зиманов, Шафиғ Шокин, Сақтаған Бәйішев сынды ғұламалардан дәріс алып, диалектикалық логика саласында қазақ ғылымының қазығын қаққан Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы Жабайхан Әбділдиннен арайлап атқан азаттық таңының мән-мағынасы туралы сұрағанымда, “Тәуелсіздікті тек атқан таңмен, шыққан күнмен салыстыруға …

СӨНБЕСЕ ЕКЕН СОЛ СӘУЛЕ Read More »

ҚАРЖЫ ҚҰЮҒА НИЕТТІ

Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келген Чехияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рудольф Гикл облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қабылдауында болды. Екіжақты кездесу барысында бірқатар мәселелер талқыланды.

КӨПШІЛІКТІҢ КӨКЕЙІНДЕГІ МӘСЕЛЕ есеп беру кездесулерінде бүкпесіз айтылды

Өңірде барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері одан әрі жалғасуда. Онлайн басқосуларда жыл бойы атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жоспарлар таныстырылуда. Ауылдықтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пішенбаевтың есеп беру кездесуіне өңір басшысы Құмар Ақсақалов онлайн байланыс арқылы қатысты.

“БЕРЕКЕДЕ” ҚОНЫСТОЙЛАР КӨБЕЙЕДІ

Соңғы жылдары облыс орталығында құрылыс жұмыстарының қарқыны артып, түрлі әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салынуда. Шаһар шетіндегі “Береке” шағынауданында жыл соңына дейін көпқабатты 5 баспана пайдалануға берілмек. Жалгерлік-коммуналдық тұрғын үйлер қала әкімдігінде пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арналған. Қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі жергілікті БАҚ өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырып, жаңа нысандармен таныстырды.