«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРНАЙЫ ОРЫНДАРДА САТУҒА РҰҚСАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Интернетке мониторинг жүр­гі­­зу кезінде облыс полицейлері “ВКонтакте” әлеуметтік желісі­нің қолданушысы жеке парақ­ша­сын­да діни мазмұндағы су­реттер мен аудиожазбаларды орналастыр­ғанын анықтады. Облыстық экс­тре­мизмге қарсы іс-қимыл бас­қар­масының қыз­мет­керлері заң­нама талапта­рын бұзу бойынша іс қозғады. Файлдар дінтану зерт­теуіне жіберілді. Егер сараптама бұл материалдарды діни мазмұн­да деп тапса, желі қолданушыға 50 айлық есептік көрсеткіш көле­мінде айыппұл салынуы мүмкін. Ұқсас факті облыс орталығының тағы бір тұрғынына да қатысты тіркелді, ол интернетте хабар­лан­дыру арқылы діни кітап сат­пақ болған.

– Қазақстандағы діни қызмет заңнамамен реттеледі, – дейді экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы, полиция майоры Марат Хали­му­лин. – Ғибадат үйлерін­де, діни бі­лім беру ұйымдарын­да, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар белгілеген арнайы үй-жайларда діни әдебиетті, діни мазмұндағы басқа да материал­дарды, діни мақ­саттағы заттар­ды таратуға рұқсат етілген. Бас­қа жерлерде таратқан жағ­дайда, заң бұзушы­лық болып саналады. Облыс ау­мағында діни әдебиетті ғибадат үйлері­нен бөлек, 15 сауда ор­нында сатуға рұқсат берілген. Атал­ған сауда орындары Петро­павл қаласында орналасқан. Бұл тізім облыс әкімдігінің 2021 жыл­ғы 8 қаңтардағы қаулысымен бекітілді. Жыл басынан бері об­лыс полицейлері дін саласын­дағы заңнаманы бұзудың алты фактісін анықтады.

Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің инспекторы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp