«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

УНИВЕРСИТЕТТЕ — ЖАҢА РЕКТОР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы – ректоры болып Ерлан Шуланов тағайындалды. Білім ордасында өткен ғылыми кеңес отырысында Білім және ғылым вице-инистрі Мирас Дәуленов ұжымға жаңа басшыны таныстырды.

Ерлан Нұрлыбекұлы 1984 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Елордадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін “Халықаралық құқық” мамандығы бойынша үздік тамамдаған, МВА магистрі. Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан жастарының конгресінде бастаған. “KEGOC” АҚ-ның бас кеңесшісі, “Adal Solutions” ЖШС-нің заңгері болып жұмыс істеген. 2008 жылдан 2009 жылға дейін Өңірлік даму және зерттеулер орталығында, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында сарапшы-талдаушы қызметін атқарды. 2010 жылы “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ-ның бас маманы болған тұсында компанияның кадрлық саясатының тұжырымдамасын әзірлеуге, корпоративтік университетті құруға атсалысқан. Одан кейінгі жылдарда Ерлан Нұрлыбекұлы “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ-ның талдау және зерттеулер бөлімінің, Білім және ғылым министрлігінің талдау тобының басшысы, “Назарбаев Университеті” ЖБМ атқарушы директоры лауазымында қызмет атқарды. Осы уақытта “Болашақ” бағдарламасын реформалау мәселелерімен айналысып, білім беру сапасын бақылаудың вертикальді моделін әзірлеуге қатысты. Бүгінгі қызметіне тағайындалғанға дейін Білім және ғылым министрлігінің “Ақпараттық-талдау орталығы” АҚ-ның президенті болып еңбек етті.
Шара барысында Ерлан Шуланов: “Мен өңірдегі бірегей университетте жұмыс істеу мәртебесіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Бүгін маған үлкен сенім артылып отыр. Облыс әкімдігінің қолдауымен ел басшылығы қойған міндеттерді орындауға бар күш-жігерімді жұмсаймын”, – деп, өзіне сенім білдірген жандарға алғысын білдірді.

Диана ХАЛИМОВА,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы медиа-орталықтың бас редакторы
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp