«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.02.2021

Қазнеттің барлық отандық интернет-ресурстары тегін болуы мүмкін

Қателерді, проблемаларды, үйкелістерді болдырмау мақсатында министрлік мамандары домендік аттарды тіркеушілермен және Компьютерлік инциденттерге ден қою қызметімен (CERT) бірлесіп, анықталған бұзушылықтарға қолмен талдау жүргізеді. KZ және KAZ домендік атаулары бар интернет-ресурстарды тоқтата тұру қолмен талдау жүргізілгеннен кейін кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі …

Қазнеттің барлық отандық интернет-ресурстары тегін болуы мүмкін Read More »

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына арналған Жолдауда, сондай-ақ, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ләззат Рамазанованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық комиссияның атқарған жұмыстары және алдыңғы кезеңге арналған жоспарлары туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

Қазақстан Президентіне ұлттық атом компаниясының 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндалды.

Жүк көлігіне соғылды

“Челябі – Новосібір” автожолы­ның бойында – Булаево қаласының маңында ВАЗ-21099 автомобилінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған “Volvo” ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік апаты сал­дарынан ВАЗ-21099 автокөлігінде отырған 1999 жылы туған жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Осы көліктің жүргізушісі және екінші жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық куәландыру ВАЗ-21099 көлігі жүргізушісінің мас …

Жүк көлігіне соғылды Read More »

QARTTARǴA QOLǴABYS

Janashyr jasotandyqtar qa­rıalarǵa jaqsylyq jasaýdy jalǵastyrýda. Bul joly elgezek jigitter zeınetker Ótemis Arǵynovtyń shańyraǵynda bolyp, úı sharýasyn tyndyrýǵa qolǵabys etti. Olar qarıanyń aýlasyn qardan tazartyp qana qoımaı, sýyn tasyp, kómirin kirgizip berdi.

Ғылым гранты – жерлесімізде

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің оқытушысы, доцент, PhD док­торы Светлана Луцак әмбебап алгебра және тор теориясы саласындағы күрделі зерттеулері үшін Білім және ғылым министрлігінің 50 миллион теңге көлеміндегі грантын жеңіп алды. Бірнеше жылдан бері “Математика және информатика” кафедрасында сабақ беретін ғалым бұл жұмыстармен 2017 жылдан бері айналысып келген.

“Көп ұзамай ораламын”

Қызылжар өңірін ел көлемінде ғана емес, әлемдік деңгейде танытқан жерлестеріміздің бірі – спортшы Маргарита Мұқа­шева. 16 жасынан бастап жоғары деңгейдегі спорттық сайыстарға қатысқан жерлесіміз жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы әрі жүлдегері, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды. 2013 жылы Қазан қаласында өткен XXVII дүниежүзілік универсиадада Маргарита 800 метрге жүгіруден ұлттық рекорд орнатты. Алайда, …

“Көп ұзамай ораламын” Read More »

ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ

Өңіріміздің белсенді жастары ардагерлермен кездесті. Игілігі мол шарада ұрпақтар сабақтастығының үзілмегені айқын байқалды.