«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛЕКСАНДР – ҮШІНШІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақтөбе қаласында жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында солтүстікқазақстандық боксшы Александр Панов үздік үштікті түйіндеді.

Жерлесіміз ел біріншілігінде 80 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Былғары қолғап шебері үш кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетті. Бірінші айналымда боксшы Алматы облысының өкілінен басым түсіп, келесі сынға жолдама алды. Кейін Александр Нұр-Сұлтан қаласының боксшысымен қолғап түйістірді. Үш раундқа шақталған жекпе-жекте петропавлдық өрен ұпай көрсеткішімен ұтты. Ал жартылай финалда қызылжарлық боксшы Қарағанды қаласынан келген Нұржан Думанмен жұдырықтасты. Өкінішке қарай, бұл жолы солтүстікқазақстандық қарсыласына есе жіберіп, үшінші орынды місе тұтты.

Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltústik Qazaqstan” 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp