8 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Қырғызстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді.
1 252 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 060 адам, анықтамасыз 192 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 800 жолаушы, анықтамамен – 626, анықтамасыз – 174;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 310 жолаушы, анықтамамен – 295; анықтамасыз – 15;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен – 132; анықтамасыз – 3;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 7 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 7 ақпанында анықтамасыз келген 762 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.
https://egemen.kz