“Челябі – Новосібір” автожолының бойында – Булаево қаласының маңында ВАЗ-21099 автомобилінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған “Volvo” ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік апаты салдарынан ВАЗ-21099 автокөлігінде отырған 1999 жылы туған жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Осы көліктің жүргізушісі және екінші жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық куәландыру ВАЗ-21099 көлігі жүргізушісінің мас болғанын көрсетті. Қажетті сараптамалардан кейін жүргізуші уақытша қамау оқшаулағышына отырғызылды.
Биылғы қаңтар айында облыс жолдарында алты жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір адам қаза тапты, жеті адам жарақат алды. Көктайғаққа байланысты полицейлер жол қозғалысы қатысушыларын ереже талаптарын, арақашықтықты қатаң сақтауға, жылдамдық режімін бұзбауға, қандай жағдай болмасын рөлге мас күйде отырмауға шақырады.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және
сыртқы коммуникациялар
бөлімінің инспекторы.