«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 млрд долларды құрайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық Банктің Төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 миллиард долларды құрайтынын айтып берді.

Қарыздың 80%-ы мемлекет те, қарапайым азаматтар да жауап бермейтін жеке ұйымдардың міндеттемелеріне тиесілі.
«Сондықтан бұл ақша бюджеттің немесе халықтың қаржысы есебінен төленбейді. Мемлекеттік сыртқы қарыз ел борышының 8,2%-ын немесе 13,2 млрд АҚШ долларын, ал квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы – 12,5% немесе 20,1 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл жалпы алғанда ІЖӨ-ге шаққанда 18,8% және халықаралық тәжірибеге сәйкес, қауіпсіз деңгейге жатады», деді департамент директоры.
Елдің сыртқы қарызының құрылымында ең көп үлесті жеке сектордың фирмааралық берешегі алып отыр (101,3 млрд АҚШ доллары немесе 62,9%), оның маңызды бөлігі шетелдіктердің қатысы бар үш ірі жоба – Қашағанға және ТШО мен Қарашығанаққа тиесілі.
Мұндай жобаларды іске асыру үшін шетелдік инвесторлар Қазақстанда тіркелген өз тобының компанияларын қаржыланырады. Халықаралық әдіснамаға сәйкес, осындай инвестициялар да елдің сыртқы қарызы болып саналады.
 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp