«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңіріміздің белсенді жастары ардагерлермен кездесті. Игілігі мол шарада ұрпақтар сабақтастығының үзілмегені айқын байқалды.

Кездесу облыстық комсомол ар­дагерлерінің “Одақ” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Валерий Масловқа Мағжан Жұмабаев ауданының құрметті азаматы атағын беруден басталды. Бұдан соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласының мән-маңызына тоқталып, егемендікке қол жеткізу жолында атқарылған ата-бабалар еңбегі еш уақыт ұмыт қалмауы керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, тарихтан сабақ алу үшін оны тереңірек зерделеу қажет екенін алға тартты.
Бұдан соң кеңес мүшелері Жангелді Тәжин, Әдия Ахметова, Ерік Таттыбаев, Нелли Иванова және Сергей Яковенко тәуелсіздікке жету жолы қаншалықты қиын болғанын айтып өтіп, кейінгі буынның аманатқа адалдық танытулары керектігін ескертті.
Жиында жастар да үнсіз қалмады. Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Асқар Баймұқанов былтыр өңірде жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар және 2021 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,
“Soltústik Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp