«Фейсбук» әлеуметтік желісі коронавирусқа қатысты кез-келген жалған ақпаратты өшіріп тастайтын болды.
Компания өз сайтында осындай мәлімдеме жасады. Әсіресе вакциналау мен вирус қолдан жасалғаны туралы ақпарларға көңіл бөлінбек. Жалған ақпарат тарататын топтар мен парақшалар да бұғаталады. Әлеуметтік желі Денсаулық сақтау органдарының дерек қорларына сілтеме беріп, қай жерде екпе алуға болатынын да көрсетпек. Қызмет алдымен АҚШ-та, содан кейін өзге елдерде қолға алынады.
https://egemen.kz