«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүк көлігіне соғылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Челябі – Новосібір” автожолы­ның бойында – Булаево қаласының маңында ВАЗ-21099 автомобилінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған “Volvo” ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік апаты сал­дарынан ВАЗ-21099 автокөлігінде отырған 1999 жылы туған жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Осы көліктің жүргізушісі және екінші жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық куәландыру ВАЗ-21099 көлігі жүргізушісінің мас болғанын көрсетті. Қажет­ті сараптамалардан кейін жүргізуші уақытша қамау оқшаулағышына отырғызылды.

Биылғы қаңтар айында облыс жолдарында алты жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір адам қаза тапты, жеті адам жарақат алды. Көктайғаққа байланысты полицейлер жол қозғалысы қатысушыларын ереже талаптарын, арақашықтықты қатаң сақтауға, жылдамдық режімін бұзбауға, қандай жағдай болмасын рөлге мас күйде отырмауға шақырады.

Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және
сыртқы коммуникациялар
бөлімінің инспекторы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp