М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің оқытушысы, доцент, PhD докторы Светлана Луцак әмбебап алгебра және тор теориясы саласындағы күрделі зерттеулері үшін Білім және ғылым министрлігінің 50 миллион теңге көлеміндегі грантын жеңіп алды. Бірнеше жылдан бері “Математика және информатика” кафедрасында сабақ беретін ғалым бұл жұмыстармен 2017 жылдан бері айналысып келген.
Ол жан-жақты зерттеген еңбегін Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған республикалық байқауға жолдаған. Гранттық қаржыландыруға ие болған жерлесіміз жүздеген қатысушыны артта қалдырып, өз жұмысының маңыздылығы мен өзектілігін дәлелдей білді. Менің жобам “Әмбебап алгебра және торлар теориясы” тақырыбында жасалды. Содан бері, міне, жарты жыл бойы жауабын күттім. Жеңіске жеткенімді естігенде, қатты қуандым”, – деген Светлана Луцак өз жұмысының әмбебап алгебра және тор теориясы саласы бойынша зерттеулерді жалғастыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Жас ғалым ұтып алған грантын үш жыл ішінде игеруі қажет. Ол қомақты қаражатын іссапарларға, тәжірибе жинау үшін қажет түрлі конференциялар мен конгрестерге қатысуға, ғылыми мақалалар жазып, оны елде, шетелдерде басып шығаруға және қажетті қондырғы алуға жұмсайтынын айтуда.
Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltústik Qazaqstan”.
СУРЕТТЕ: С.Луцак.