Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әншісі, қалалық мәдениет үйі жанындағы Үкілі Ыбырай атындағы дәстүрлі ән сыныбының жетекшісі Еркебұлан Қарыпов ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай Талдықорған қаласында өткен дәстүрлі “Жырлайды жүрек” республикалық байқауында 2 орынға ие болды.
Еліміздің 90-ға жуық өнерпазы бұл конкурста эстрада және дәстүрлі ән жанрында бақ сынаған. Жерлесіміз жүлдеген ретінде Талдықорғанда өткен гала-концертке қатысып қайтты. Жастардың өнерін бағалағандар арасында Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев пен әнші Саят Медеуов бар.
Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltústik Qazaqstan”.