«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 10, 2021

ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ шағым жоқ

Өңірімізде коронавирусқа қарсы іс-шаралардың орындалуын қадағалайтын жедел әрекет ету орталығы жанындағы мониторингтік топ Петропавл қаласындағы бірнеше емдеу мекемесінде болып, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын тексерді.

АУЫЗСУ — АУЫЛДАҒЫ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕ

“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” ең алдымен, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог құруды көздейді. Барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінен қос тарап арасындағы байланыс жақсарып келе жатқанын байқауға болады. Тұрғындардың кездесулерде айтылған өтініш-тілектері де аяқсыз қалмауда.

АҚТҮТЕК БОРАНДА ЖОЛҒА ШЫҚПАҢЫЗ!

Өңірімізде бірнеше күннен бері ақтүтек боран ұйтқып соғып тұр. Дауылды дала көзге түртсе көргісіз. Сондықтан алыс жолдарда шығатындарға қауіпсіздік ережесін тағы бір мәрте еске саламыз.

ЗАМАНАУИ ОРТАЛЫҚ

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласында “Altyn urpaq” балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы ашылды.

ЖЕТІСУДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Ақан сері атындағы облыстық филармония­ның әншісі, қалалық мәдениет үйі жанындағы Үкі­лі Ыбырай атындағы дәстүрлі ән сыныбының жетекшісі Еркебұлан Қарыпов ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай Талдықорған қаласында өткен дәстүрлі “Жырлайды жүрек” республикалық байқауында 2 орынға ие болды.

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндады.

Жауапсыз мердігер, сапасыз жұмыс

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында өңірдегі елді мекендерді ауызсумен қамту, темір жол арқылы жолаушы тасымалымен айналысатын тасымалдаушының шығынына демеуқаржы бөлу ережесіне өзгерістер енгізу және 2021-2023 жылдарға арналған облыс аумағындағы әлеуметтік маңызға ие бағыттарды анықтау мәселелері талқыланды.

Жер учаскелері үшін төлемақы

Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жеке тұлғаларға өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлеу мерзімі үстіміздегі жылдың 25 ақпанынан кешіктірілмеуі керек екендігін еске салады.

Төл өнердің жаңа тынысы

Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келген “Qazaq kuresi” қауымдастығының өкілдері жергілікті федерация басшылығымен, спорт мектептерінің директорларымен және бапкерлермен кездесті. Төл өнерді дамыту мәселесі талқыланған жиынға облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек қатысты.

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН ПАЙДАЛАНУ ТЕТІГІ

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар.

Коронавирус Ухань қаласындағы зертханада жасалған – ДДҰ сарапшылары

ДДҰ сарапшылар тобы коронавирусты Ухань қаласының Инфекциялық зерттеулер институтының зертханасында жасалуы мүмкін деген нұсқаны іс жүзінде жоққа шығарды. Ғалымдар SARS-CoV-2 адамға жануарлар арқылы жұққан деген қорытындыға келді. Негізгі «күдіктілер» ретінде панголиндер мен жарқанаттар саналады.⠀

Мемлекет басшысы Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті

Ауған тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан мен Ауғанстан басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешек перспективаларын талқылады.

Мәжілісте қашықтан жұмыс істеуге қатысты еңбек заңнамасы жетілдіріледі

Мәжіліс «ҚР Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауды бастады.

Дүкендерден бірнеше рет ұсақ ұрлық жасаған петропавлдық ұсталды

Петропавлдың 38 жастағы бір тұрғыны қаңтар айында ғана үш рет дүкендерден ұсақ ұрлық қылғаны үшін ұсталған. Барлық жағдайда да «екіжақты келісімге келді» деген себеппен ол жазасыз құтылып отырған.

Қазақстанның латын қарпіне ауысуы домендерге қалай әсер етеді?

Qaz немесе QZ доменінің қайсы дұрыс? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ жолдады. ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің сарапшысы Айдана Алтаеваның айтуынша, бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ.

Президенттің баспасөз хатшысының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен Шалқар Мұқашұлы Қожаев 2021 жылғы 10 ақпаннан бастап Президенттің Баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли «Facebook»-тегі парақшасында.